Қазақстандық боксшы Cағындық Тоғамбай Ханчжоудағы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

92 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Сағындық ирандық боксшы Туфан Шарифиді бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Осылайша, қазақстандық боксшы Азиаданың кем дегенде қола жүлдесіне қол жеткізді.

Енді жартылай финалда ол қытайлық Сюэчжэн Ханмен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін боксшы Нұрбек Оралбай қытайлық қазаққа жол берген еді.