Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар В тобында сынға түседі. Қарсыластары – Қытай, Жапония, Таиланд, Индонезия.

Бүгінгі кездесуде ел құрамасы Индонезияны 2:1 есебімен сүріндірді.

Айта кетсек, одан бұрын ел құрамасы Қытайға 0:11, Таиландқа 0:4 есебімен есе жіберген.

Енді олар алдағы ойынын 3 қазанда Жапонияға қарсы өткізеді.

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына бесінші мәрте қатысып отыр. Әзірге 1998, 2014 жылдарда алған 6 орыннан басқа жоғары нәтижеге қол жеткізген жоқ.