«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Оқжетпеске» қарсы матч жайында пікір білдірді.

– Бірінші тайм, әсіресе алғашқы 30 минут жақсы өтті. Қысым жасап, мүмкіндіктер тудырып, үш гол соқтық. Әрине, жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты құрамды үнемі ауыстырып отыруға тура келеді, бір ойыншылар демалып, ал біреулер ойнады. Үш күннен кейін тағы бір ойын болатынына байланысты кейбір аяқдопшыларды Шымкентке апармадық, бізге осындай сергектік керек еді. Алғашқы 30 минутта ойынның 70-80 пайызын шешкеніміз жақсы болды. Екінші таймда ойынның нәтижесі анықталды деп ойлап, 30 минуттай өте нашар ойын көрсеттік, қорғаныста нашар ойнадық, агрессия мен қозғалыс жетіспеді, 5 ауыстыру жасадық. Соңында екі гол соққанымыз дұрыс болды. Жалпы жаман матч деп айтпаймын.