«Ордабасы» бас бапкері Александр Седнев OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты 18-туры аясында өткен «Мақтааралға» қарсы матч жайлы пікірін білдірді.

– Сәтсіз серияны үзгенімізге қуаныштымын. Өте қиын жеңіс болғанын өздеріңіз де көрдіңіздер. Қарсыласымыз қарымды, қорғаныста мығым. Бірақ саңылау тауып, мүмкіндігімізді қолдана алдық.

Алда ең ауыр матчтар қалды. Соңғы ойындарда эмоционалды тұрғыда көп күш жұмсадық. Дегенмен бәріміз армандаған, алға қойған мақсатымыздың қандай екенін түсінеміз. Бұл өз кезегінде қосымша күш-қуат береді деп үміттенемін. Қазір командада кадрлық сұрақтар бар. Десе де біз футболшыларымызға күмәнмен қарамаймыз. Әсіресе осындай жанкештілігі үшін.

Жалғыз проблемамыз гол соға алмай жатқанымыз. Ал бұл өз кезегінде ойында қосымша уайым береді. Осы жеңістен кейін өзімізге келіп, ары қарай да жалғастырамыз.

Егер біз лайықты болсақ, міндетті түрде мақсатымызға жетеміз!