Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан өкілі Диана Тасжанова суға жүзуден финалға жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.

Ол 800 метрге еркін жүзуден алдына ала іріктеу кезеңінде 8:48:46 секунд нәтиже көрсетіп, финалға бірінші жолдаманы алды. Сондай-ақ Диана Тасжанов бұл нәтижесімен Қазақстан рекордын жаңартты.