Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Ханчжоудағы Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

71 келіге дейінгі салмақта Шымбергенов 1/8 финалда қытайлық Пейчен Ванмен кездесті.

Қазақстандық боксшы жекпе-жек бойы басым болды. Бұл кездесуде Шымбергенов 4:0 есебімен жеңді.