Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан қазақстандық Сәкен Бибосынов жарыс жолынан шығып қалды.

Ол Өзбекстан өкілі Хасанбой Дусматовпен кездесіп, төрешілердің аралас шешімімен (28-29, 29-28, 28-29, 27-30, 28-29) жеңіліс тапты.