Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында спорттық гимнастикадан кезекті жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.Ұлттық құрама спортшысы Аида Бауыржанова қос сырықтан финалға шығып, 11.566 ұпаймен 7-орын алды. Ал тіреніп секіру жаттығуында ақтық сайыста Дарья Ясинская 8 атлеттің ішінде 6-сатыға табан тіреді.