Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы үшінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің спортшылар стенд атудың скит бағдарламасының аралас жұптық сынында бірінші орын алды. Бұл сында еліміз атынан Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко өнер көрсетті.

Финалда олар Кувейт құрамасын 40-35 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Азия ойындары Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.