Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дидар әлемдік турнирлерде, соның ішінде Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында сәтсіз өнер көрсетті. Қазақстандық көрермендер арасында Дидарға қатысты көптеген сындар мен оның дзюдодағы мансабын аяқтайтын кез келген шығар деген пікірлер көп айтылды.

Дидар мансабында 2018 жылғы Джакартадағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды және Гран-при чемпионы болды, сонымен қатар оның WJT турнирлер сериясында бірнеше қола медальдары бар. Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Дидар әлі жас, ол қазір небәрі 26-да.