Қазақстандық боксшы 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегерін нокдаунға түсіріп, Азия ойындарының 1/16 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ертуған Зейнуллиновтың (63,5 келі) 1/16 финалдағы қарсыласы 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2019 жылғы Азия чемпионы Баходур Усмонов (Тәжікстан) болды.

Екінші раундта Зейнуллинов қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, үшінші раундта Зейнуллиновтің өзі нокдаунға түсті.

25 жастағы Зейнуллинов үшін Азия ойындары карьерасындағы алғашқы ірі турнир болды. Оның алдында Қазақстан намысын 63,5 келіде Санатәлі Төлтаев қорғаған болатын.

Оның 1/8 финалдағы қарсыласы Руслан Абдуллаев (Өзбекстан) - Баатарсухийн Чинзоринг (Моңғолия) жұбының жеңімпазы болады.