Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына оныншы қола жүлде түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ушудан жартылай финалдық жекпе-жекте Аяна Тұрсын қытайлық спортшы И Лимен кездесуі керек еді, бірақ Тұрсынға техникалық жеңіліс берілді, ешқандай төреші шешімі немесе жазба жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Аяна Тұрсын қазақстандық OCTAGON ММА-промоушенінің файтері. Кәсіпқой аралас жекпе-жекте ол 4 кездесу өткізіп, жеңіліп көрмеген.

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 10 қола медаль бар.

2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтіп жатыр.