Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар көркем гимнастикадан финалдық жарыста өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей көпсайыстың финалында қазақстандық Әмина Халимарден 47,533 ұпаймен 10-орын, Аида Бауыржанова 44,032 ұпаймен 14-орын алды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Азия ойындарында ерлер арасында жекелей көпсайыс жарыстары өтіп, қазақстандық Әлішер Тойбазаров пен Роман Мәменов 13-орынға иеленген болатын.