Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі екінші ойында Өзбекстанды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезең. Әйелдер.

Өзбекстан – Қазақстан 33-37 (12-15, 21-22).

Естеріңізге сала кетейік, бірінші ойында қазақстандық гандболшылар Тайланд құрамасын ірі есеппен жеңген болатын.

2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтіп жатыр.