Қазақстандық дзюдошылар Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында жарыс қожайындарынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық және қытайлық дзюдошылар арасындағы жекпе-жек 2-4 есебімен Қытай құрамасының пайдасына аяқталды.

100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ли Жуйсюаннан басым түскен отандық спортшы Ғалымжан Қырықбай жеңіске жетті.

73 келіге дейінгі салмақта Данияр Шамшаев Циндагты жеңді.