Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарындағы өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Азиададағы алғашқы жекпе-жегінде 92 келі салмақта Моңғолия өкілі Бариахаан Доржпен кездесті. Алғашқы екі раундта Тоғамбай қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астана уақытымен 18:30-да тағы бір қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында 63,5 келі салмақта екінші жекпе-жегін өткізеді.