Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 2022 жылғы Азия ойындарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 27 қыркүйекте ол 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Қазақстандық спортшының қарсыласы Непал өкілі Сусма Таманг болды.

Айта кетейік, кездесу 5:0 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды.