Ханчжоу қаласында (Қытай) Жазғы Азия ойындары жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін стент атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында командалық жарыста жеңіске жетіп, жаңа құрлық рекордын (350) орнатты. Күміс жүлдені қытайлықтар (348), ал Таиланд атқыштары үшінші (342) орын иеленді.

Турнирге ұлттық құрама сапында Зоя Кравченко, Ольга Панарина және Әсем Орынбай қатысты.

Осылайша Қазақстан Азия ойындарының алғашқы «алтынын» жеңіп алды.

2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтіп жатыр.