Нинбо қаласында (Қытай) WTA-250 санатындағы турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жарысқа қатысудан бас тартты.

Бұл шешімнің себебі айтылмайды. Екінші айналымда әлемдік рейтингте 73-орында тұрған қазақстандық Петра Квитовамен ойнауы керек еді.

28 жастағы қазақстандық теннисші бірінші айналымда Австралия өкілі Дарья Савильді (WTA рейтингінде 248) 6:4, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты.