Ресейлік ММА файтері Илияс Якубов әлеуметтік желіде UFC президенті Дана Уайттан қазан айында Абу-Дабиде өтетін турнирде жекпе-жек өткізуді сұраған видео жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Маған сеніңіздер, достар, ол жерде (UFC-де) біз еттен шыққан адамдар бірдей. Біз де солар сияқты жаттығамыз. Өзімді бұл күрескерлерден төменмін деп ойламаймын. Дана Уайтқа өтініш жасадым, егер ол маған мүмкіндік берсе, көресіздер», — деді Якубов.

Якубов 2023 жылы мамырда «Бойцовский клуб РЕН ТВ» турнирінде өткен кейінгі жекпе-жегінде Юрий Рябимен кездесті. Бірауыздан төрешілердің шешімімен Ильяс жеңген. Оның еншісінде 12 жеңіс төрт жеңіліс бар.