UFC ресми сайтының бас редакторы және «UFC энциклопедиясы» кітабының авторы Томас Джербаси қазақстандық Шавкат Рахмонов пен америкалық Стивен Томпсон арасындағы жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл өте қызықты жекпе-жек – Шавкат мұндай стильді бұрын-соңды көрмеген. Бірақ осы жекпе-жекте фаворит деп санаймын. Бұл Рахмонов үшін атын тану тұрғысынан алға жасалған үлкен қадам, сондықтан жеңіс қазақстандық үшін өте маңызды, әсіресе ол мерзімінен бұрын жеңе алса», - деді Джербази Legalbet.kz сайтына.

Рахмонов-Томпсон жекпе-жегі 16 желтоқсанда өтеді.

Рахмонов UFC жартылай орта салмақ рейтингінде алтыншы, Томпсон жетінші орында тұр.