Бүгін Ханчжоу қаласында (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында семсерлесуден ерлер арасында жекелей жарыс өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан атынан Руслан Курбанов пен Эльмир Әлімжанов қатысты.

Эльмир Әлімжанов ширек финалда қытайлық Ю Лефангты 15-12 есебімен жеңді. Бұған дейін қазақстандық спортшы Өзбекстан спортшысы Явохирбек Нұрматовтан (13-8) мықты болып шықты.

Жартылай финалда Әлімжанов Оңтүстік Корея өкілі Коки Каномен кездеседі.