Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында таэквондошылардың ширек финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңге Қазақстанның үш өкілі шықты: Нұрбек Ғазиз, Азиза Қаражанова және Мария Севостьянова. Үш спортшы да келесі кезеңге өте алмады.

Нұрбек Ғазиз (63 келі) қытайлық таэквондошы Лян Юшуайға есе жіберді (0:2). Әзиза Қаражанова (53 келі) Оңтүстік Корея спортшысын (0:2) жеңе алмады. 57 келідегі Мария Севостьянова да кореялық қарсыласынан жеңіліп қалды (0:2).