Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасуда. Бүгін волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы 9-орын үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құраманың қарсыласы Тайланд болды. Кездесу 25:19, 25:21, 25:22 есебімен қазақстандық волейболшылардың пайдасына аяқталды.

Осылайша Қазақстан құрамасы турнирде тоғызыншы орыннан көрінді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.