Street Fighter V ойыны бойынша қазақстандық киберспорт Бауыржан katsutama Сағымбеков Азия ойындарында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Брэндон Brandon Чиа Тек Хуэйге 0:2 есебімен жол берді. Katsutama Азиадада 17-24-орын алды.

Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.