Қазақстандық дзюдошылар Азия ойындарында алтын медальсіз қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрлыхан Шархан (100 кг) жартылай финалда өзбекстандық Музаффарбек Туробоевқа жол берді, енді ол қола медаль үшін таласады.

Сондай-ақ, Ғалымжан Қырықбай, Аруна Жангелдина, Камила Берліқаш та қола медаль үшін белдесу өткізеді.

Бүгін елорда уақытымен 14:00-де тағы үш қазақстандық дзюдошы қола медаль үшін бозкілемге шығады.