Street Fighter V ойынындағы қазақстандық киберспортшы Калел KALEL Tassyner Тасынер Ханчжоудағы Азия ойындарында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

KALEL Tassyner 0:2 есебімен DakCorgi-ге жол берді. Тасынер үшін чемпионат аяқталды, ол 25-32-орындарға табан тіреді.

Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.