Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары семсерлесуден жекелей жарыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда қазақстандық спортшылар бір-бірімен кездесті. Карина Доспай Айгерім Сарыбайдан басым түсті. Бірақ ширек финалда Карина да жарыс жолын аяқтады.

Осылайша, қазақстандық спортшылар жарыстың жартылай финалына шыға алмады.