Street Fighter V ойынынан қазақстандық кәсіпқой киберспортшы Бауыржан katsutama Сағымбеков Ханчжоудағы Азия ойындарында алғашқы матчын өткізіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Ким M.Lizard Гван Вуға 0:2 есебімен жол берді. Katsutama төменгі жарыс тобына түсті, енді сол жақта өнерін жалғастырады.

Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.