Қытайлық Ханчжоуда жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық тхэквондошы Нұрбек Ғазиз 63 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Чуа Джозефті 2:0 (16:4, 11:4) есебімен жеңіп, финалдық кезеңге жолдама алды.

Ал Әзиза Қаражанова вьетнамдық Ву Цзи Дунгтан басым түсті - 2:0 (6:2, 11:6).

Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.