Қазақстандық дзюдошылар Аруна Жангелдина, Ғалымжан Қырықбай мен Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

78 келіге дейінгі салмақта Аруна алғашқы белдесуінде йемендік Арша Таректі жеңді.

Ал Қырықбай 100+ келіде непалдық Голе Ранжешді тізе бүктірді.

100 келіге дейінгі салмақта сынға түстін Нұрлыхан бахрейндік Зелимхан Башаевтан басым түсті.

Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.