Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында ресейлік команда алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 11-минутында Рафаэль Бикмуллин «Нефтехимикті» алға шығарды. Ал «Барыс» сапынан Понтус Оберг 12-минутта таразы басын теңестірсе, Александр Дергачёв 14-минутта қайтадан ресейлік клубтың басымдығын арттырды.

Екінші кезеңде қазақстандық командадан Понтус Оберг 25, Кирилл Савицкий 28-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Одан кейін ресейлік клубтан Александр Дергачёв 41, Рафаэль Бикмуллин 42-минутта екі шайба соғып, «Нефтехимикті» қайтадан алға шығарды.

Ал Понтус Оберг 43-минутта хет-триктің авторы атанса, ресейлік клубтан Евгений Митякин 49-минутта мергендік танытты. «Барыс» хоккейшісі Самат Данияр 54-минутта таразы басын теңестіріп, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда елордалық клубтың жолы болып, қарсыласынан 6:5 есебімен басым түсті.

«Нефтехимик» - «Барыс» 5:6 ОТ (2:1, 0:2, 3:2, 0:1)

1:0 - Бикмуллин (Гайнуллин, Брюквин) - 11:491:1 - Оберг (Скленичка, Барбер) - 12:332:1 - Дергачев (Белозеров, Клок) - 14:19 ГБ2:2 - Оберг (Скленичка, Барбер) - 25:10 ГБ2:3 - Савицкий (Омирбеков, Червени) - 28:03 ГБ3:3 - Дергачев (Клок, Якупов) - 41:04 ГБ4:3 - Бикмуллин (Хоружев) - 41:264:4 - Оберг (Барбер, Данияр См.) - 43:575:4 - Митякин (Хохлов, Якупов) - 49:215:5 - Данияр См. (Рахманов) - 53:375:6 - Барбер (Скленичка) - 61:12