Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурдан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық ватерполшылар алғашқы кездесуінде Сингапурді 12:6 есебімен тізе бүктірді.

Ел құрамасынан Анастасия Миршина, Мәдина Рахманова, Анна Новикова, Виктория Хританькова, Виктория Каплун, Милена Набиева және Дарья Починок мергендік танытты.

Қазақстандық спортшылар енді бес кездесу өткізеді. Алдымен 27 қыркүйекте Қытаймен кездессе, одан кейін 28 қыркүйекте Оңтүстік Корея, 29 қыркүйекте Таиланд, 30 қыркүйекте Жапония, 1 қазанда Өзбекстанмен шеберлік байқасады.