Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы кездесу өткізді. Матч 31:27 есебімен біздің гандболшылардың пйадасына аяқталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан алғашқы ойынын Бахрейнге қарсы өткізген болатын. Кездесуде біздің спортшылар 22:45 есебімен жеңіліп қалған еді.

Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.