Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы келесі ивентіOCTAGON 51 турнирін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 21 қазанда Алматыда өтеді, онда екі чемпиондық жекпе-жек болады.

Жартылай жеңіл салмақта өзбек файтері Мухаммаджон Курбанов (10-4) титулын алғаш рет қорғайды, оның қарсыласы чемпиондық белбеуге мүіткер тәжікстандық Фарход Давлятов (7-2) болады.

Ал ММА-ден тұңғыш Орта Азия чемпионы қазақстандық Анастасия Дюжикова (8-2) аса жеңіл салмақтағы титулын ресейлік Александра Савичеваға (4-1) қарсы қорғайды.

Еске салайық, 23 қыркүйекте OCTAGON 50 турнирі өткен, басты кездесуде қазақстандық ММА ардагері Георгий Кичигин (29-10) жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте ресейлік Ричард Тотровты (12-7) жеңген болатын.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 51 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink