Еуразиялық жекпе-жек лигасы OLIMPBET серіктестігімен ұйымдастырған аралас жекпе-жек OCTAGON OLIMPBET SELECTION 27 іріктеу жарысында жеңіл салмақтағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Қазбек Жұмабаев (0-1) сегізбұрышта отандасы, дебютант Абылай Сәрсенқұловпен кездесті.

Бірінші минутта Жұмабаев қарсыласын белден төмен тепкені үшін кездесуде үзіліс болады. Жекпе-жек жалғасқаннан кейін Қазбек шабуылдарын жалғастырып, техникалық нокаутпен жеңді.