Қазақстандық боксшы Наталья Богданова 2022 жылғы Азия ойындарының екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 25 қыркүйекте ол 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Қазақстандық боксшының қарсыласы Сауд Арабиясының спортшысы Рагад Ибрахим Әл-Наими болды.

Айта кетейік, жекпе-жекте қазақстандық спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Богданова бірінші раундта қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, төреші жекпе-жекті тоқтатты.