Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Семсерлесуден жекелей сайыста қазақстандық Артём Саркисян мен Назарбай Саттархан жақсы өнер көрсете алмады. Екі спортшы да плэй-офф кезеңіне жолдама алған. Дегенмен, Саттархан 1/8-де оңтүстіккореялық спортшыдан жеңіліп қалды – 6:15, ал Саркисян ширек финалда кувейттікке жол берді – 10:15.

Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.