«Ред Булл» шабандозы Макс Ферстаппен Жапонияда өткен Формула-1 Гран-приінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.«Ред Булл» команда тарихында алтыншы рет және қатарынан екінші мәрте Конструктор кубогын (World Constructors' Championship) жеңіп алды. Команда бұл жолы жүлдеге мерзімінен бұрын қол жеткізді.

Жапония Гран-приінің қорытындысы бойынша нидерландылық шабандоз 25+1 (үздік айналым) ұпай жинады.Екінші орында 18 ұпай жинаған «Макларен» командасының британиялық шабандозы Ландо Норрис иеленді. Үшінші орын Оскар Пиастриге («Макларен») бұйырды, ол 15 ұпай жинады.Келесі Формула-1 жарысы 2 аптадан кейін Катарда өтеді.