Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық киберспортшы Нұрбақыт Мирғали EA SPORTS FC ONLINE дисциплинасында келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Вьетнам құрамасының өкілі Труонг Дук Хиеуді 2:1 есебімен жеңді.

Келесі ойын 25 қыркүйек күні сағат 7:00-де Нұрбақыт пен Индонезиядан келген спортшы Мохаммад Эга Рахмадитиай арасында өтеді.

Айта кетейік, 2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.