Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан ел құрамасы сапынан медаль алған Мағжан Шамшадин өз жетістігіне тілектестігін білдірген жанкүйер қауымына алғысын арнады.

«Бұл жетістікке баршаңыз үлес қостыңыздар деп ойлаймын. Өте керемет әсердемін. Басты мақсатым - алтын еді. Қателікке бой алдырдым. Белдесу барысында сәл босаңсыған сәтті қарсыласым пайдаланып кетті. Дзюдо қазір мықты дамыған. Аздаған минуттың өзі кездесу тағдырын шешіп кетеді», - деді ол.