Қазақстандық киберспортшы Нұрбақыт Мирғали Ханчжоудағы Азия ойындарында EA SPORTS FC ONLINE бойынша 1/8 финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир кестесінде Нұрбақыт қарсыласы Манучехр Беназирзоны (Тәжікстан) ұтты.

Келесі кезеңде біздің құраманың намысын екі қазақстандық қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалдың матчтары сағат 12:00-де басталады.

2022 жылғы Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.