Алматыда 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы  су добы бойынша әлем чемпионатының үшінші күні аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Ойын күніні ашылғанда Австралия мен Сербия құрамалары қарсыластары  Мексика мен Ираннан басым түсті. Кейін Д тобында Қазақстан құрамасы, бұл топтағы тағы екі команда Италия мен Канада сынға түсті.
 
Жарыстың үшінші күнінде Қазақстан Испания құрамасымен бәсекелесті. Испаниялықтар кездесуді шабуылдардан бастады.  Алайда Неманья Кнежевич шәкірттері барынша қарсы тұрып қарсыластарын алға жібермеуге тырысты.  Екінші кезеңде екі команда тең дәрежеде ойнап, алайда үзілістен кейін бұл көрсеткішті сақтап қалу мүмкін болмады. Испаниялықтар едәуір алға шығып кетті. Жерлестеріміз командалар арасындағы арақашықтықты қысқартуға тырысты. Ойын 13:21 есебімен испаниялық құрамасының пайдасына шешілді.
 
Үшінші ойын күнінің нәтижелері:
 
Австралия - Мексика 20:5
 
Сербия - Иран 18:6
 
Италия - Канада 16:11
 
Мысыр - ОАР 24:8
 
Черногория - Хорватия 7:14
 
Грекия - Қытай 25:8
 
Венгрия - Жапония 16:9
 
Қазақстан - Испания 13:21.
ҚазАқпарат