Бүгін Белградта (Сербия) күрес түрлерінен 2023 жылғы әлем чемпионатының кезекті күні өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан атынан Алмат Кебіспаев, Нұрсұлтан Тұрсынов және Ибрагим Магомадов өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Сербиядағы турнир Олимпиадаға іріктеу жарысы саналады. 2023 жылғы әлем чемпионатында әр салмақта 5 олимпиадалық квота ойнатылады.

Белдесулер Астана уақытымен 14:30-да басталады, Qazsport телеарнасынан көруге болады.