Америкалық танымал ММА файтері Фергюсон UFC-дегі келесі қарсыласының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсыласы Британиялық Пэдди Пимблетт болады. Бұл туралы UFC басшысы Дана Уайт әлеуметтік желіде хабарлады.

Фергюсон мен Пимблетт 16 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін турнирде жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, Уайт 16 желтоқсанда Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон арасында жекпе-жек болатынын айтқан.