22 қыркүйекте Будапештте мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңінде ерлер еркін бағдарламаларын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орынды Ким Хен Ем (Оңтүстік Корея) жеңіп алды. Екінші орынды швейцариялық Наоки Росси алды. Жапониялық Хару Какиучи үшінші орынға көтерілді.

Қазақстандық Никита Кривошеев еркін бағдарлама бойынша 92,67 ұпай жинады. Екі бағдарламаның есебі: 139,30.

Жасөспірімдер арасындағы Гран-при 5-кезең

Будапешт, Венгрия. Ерлер

1. Ким Хен Ем (Оңтүстік Корея) – 222,15

2. Наоки Росси (Швейцария) – 204,79

3. Хару Какиучи (Жапония) – 200,82

....19. Никита Кривошеев (Қазақстан) - 139,30