Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан WTA-250 санатындағы турнирдің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/2 финалда қазақстандық спортшы польшалық теннисші Магда Линеттпен кездесті. Матчта Путинцева 2-6, 3-6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің 1/4 финалында Юлия Германия өкілі Татьяна Марияны жеңген болатын.

Фото: ktf.kz