Бүгін жазғы Азия ойындарында бессайыстан екінші жартылай финал өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан намысын Григорий Борода-Дудочкин мен Темірлан Әбдраимов қорғады.

Әбдраимов бесінші орын алды, ол 1100 ұпай (285 - жүзуден, 222 - семсерлесуден, 593 - лазер-раннан) жинады.

Ал Григорий Борода-Дудочкин 1099 ұпай (292 - жүзуден, 211 - семсерлесуден, 596 - лазер-раннан) ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.

Финалға үздік 9 спортшы шықты.

Айта кетейік, бұған дейін финалға қазақстандық Павел Ильяшенко мен Кирилл Стадник шыққан еді.