Жеңіл салмақтағы NAIZA чемпионы Магомед Кабардиев Америкаға жұмыс визасын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы оның жаттықтырушысы Диас Абдулов өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады. Бұған дейін біршама басылым Магомед UFC-мен келісімшартқа үміткерлердің бірі екенін жазған болатын.

Қазіргі таңда спортшының ісін белгілі менеджер Саят Әбдірахманов жүргізеді.