«Қайрат» Ресейдің он дүркін чемпионы «Зенитпен» 2023 жылдың 14 қазанында жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ойын сағат 17:00-де басталады. Кездесу QAZSPORT және «Матч ТВ» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Билет сатылымының басталғаны туралы кейінірек хабарлаймыз. Осы ойынға абонементтің жарамды екенін айта кетеміз.

Санкт-Петербургтік «Зенит» – Ресей мен КСРО-ның он дүркін чемпионы, Ресей мен КСРО кубогының бес дүркін жеңімпазы, Ресей мен КСРО суперкубогының тоғыз дүркін иегері. 2007/08 маусымындағы УЕФА Кубогының және 2008 жылғы УЕФА Суперкубогының жеңімпазы.